Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.