Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Мемлекет басшысы Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламент  Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Кездесуде Мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес, Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев,  Respublica  партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Ермек Кошербаев посетил социальные объекты Шымкента

admin_altyalash

Повестка, медкомиссия, отсрочки: полный разбор призыва в Казахстане

admin_altyalash

Конституционная реформа и будущее Казахстана: КИСИ представил доклад, подготовленный совместно с зарубежными экспертами

admin_altyalash