Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде жеңіске жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы Гран-при кезеңінде үшінші рет жеңіске жетті, – деп хабарлады Prosports.kz.

Қазақстандық халықаралық спорт шебері Бибісара Асаубаева Гран-придің 4-турында ресейлік Александра Горячкинадан жеңілгеннен кейін, үндістандық гроссмейстер Харика Дронавалиден басым түсті. Осы жеңістен кейін жерлесіміз 3 ұпай жинап, ресейлік А.Горячкинамен үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті.

Сайыста әзірге 3,5 балл жинаған қытайлық Чжу Цзяньэр мен ресейлік Полина Шувалова көш бастап тұр. Бүгін Бибісара Асаубаева екеуімен де кездесу өткізеді.

Шахмат әуесқойлары Бибісара Асаубаеваның 4-ші және 5-ші турдағы партияларын осы сілтеме арқылы көре алады. Онда Горячкина-Асаубаева және Асаубаева – Дронавали жекпе-жегі ұсынылған.

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_altyalash

JOLTAP: астаналықтар графикалық дизайнды меңгеріп, одан табыс таба бастайды

admin_altyalash

Әйелі зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған қазақстандық дипломат шұғыл елге қайтарылады – СІМ

admin_altyalash