Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз ашық болады, – деп хабарлады Қазгидромет.

«Күндіз салқын ауа массалары біртіндеп жылынады. Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронтальды учаскелері бар оңтүстік циклонының ықпалында болып, күн құбылып тұрады, найзағай жарқылдап, қатты жауын жауады», – делінген синоптиктер хабарламасында.

Болжам бойынша, Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 15-25 м дейін күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз болады.

Батыста және солтүстік-батыста ауа температурасының күндіз 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін, шығыста – 0-10 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі болжанып отыр. Оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы болады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Конго Президентінің жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады

admin_altyalash

Түркістан облысында жоғалған бала табылды

admin_altyalash

Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол колледжінде  кездесу өтті

admin_altyalash