Сарайшықтың екінші тынысы ашылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сарайшықтың екінші тынысы ашылады

31.03.2023
0
Сарайшықтың екінші тынысы ашылады

Атыраудың туризм саласының екінші тынысы ашыл­мақ. Сәуір айында әйгілі Сарайшық қала­шығында сапар орталығы тұсауын кеседі.

Сарайшық қалашығы – Атырау облысының ең перс­пективалық туристік нысандарының бірі. Ұлы Жібек жолы­ның ізі қалған «Сарайшық» қалашығына әлі күнге дейін туристердің қызығушылығы жоғары.

Жыл сайын «Сарайшық» мемориалдық кешеніне 12-ден 15 мыңға дейін туристер келіп отырғанын ескерсек, сапар орталығының ашылуы бұл көрсеткішті еселейді деп күтілуде.

Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, сапар орталығы жобасы 2022 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс еді.

«Алайда Атырау облысы әкімдігі Сарайшық жобасын Қазақстанның өзге өңірлеріндегі осындай нысандардан ерекшелендіру үшін сапар орталығының сәулетіне өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс жасауы себепті, құрылыс жұмысының мерзімі ұзартылды.

Қазіргі уақытта сапар орталығының құрылысы аяқталды. Бүгінде іргелес аумақты абаттандыру – тас төсеу, көшет отырғызу, сыртқы жарықтандыру, орындықтарды орнату жұ­мыстары жасалуда. Абаттандыру басталады, – деді Нұр­берген Құсайынов.

Белгілі болғанындай, сапар орталығын салуға 780 млн теңге бөлінген.

Сапар орталығында алты экспозициялық зал, сондай-ақ көрме павильоны бар. Сапар орталығының ішіне музей экс­позицияларын жасау бойынша жұмыстарды «Қазақ мате­риалдық мәдениет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС жүргізеді. Серіктестіктің даму жөніндегі директоры Ринат Кутдусовтың айтуынша, «Сарайшық» сапар орталы­ғы – Алтын Орда кезеңіне арналған еліміздегі бірегей нысан.

«Сапар орталығында бірнеше экспозициялық аймақтар болады, яғни, моңғолдарға дейінгі кезең, моңғолдар кезеңі, сондай-ақ Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы кезеңдері.

Сапар орталығының экспозицияларында бірқатар құн­ды дүние қойылады. Сондай-ақ елімізде алғаш рет Қасым хан мен Бату ханның бейнелері осында көрсетіледі. Ғалым­дармен бірлесе отырып, бұл бейнелерді жасау үшін көп жұмыс атқа­рылды. Бұл экспозицияларда Сарайшық қалашы­ғының мате­риал­дық мұралары, әр кезеңде дәл осы жерден табылған жә­ді­герлер, Алтын Орда туы немесе бүгінде кейбір елдердің мем­лекеттік елтаңбаларында бар қос басты бүркіт белгісі қойы­лады. Және орталықта ғылыми негізде қайта жасалған Сарайшықтың бірегей макеті ұсынылады, – дейді Ринат Кутдусов.

Алтын Орда кезеңіндегі Сарайшықтың бейнесін жасауға ғалымдар атсалысқан. Спикер Ринат Кутдусовтың айтуынша, орталықтағы барлық экспозициялар мультимедиалық форматта болады. Бұл сапар орталығының қонақтарына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта «Сарайшық» музей-қорығының қорында 4,6 мыңнан астам ежелгі жәдігер сақталған. Тарихи қала­шықтың аумағында да, оның маңында да ондаған шақырым радиуста маусымдық археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл сайын музей-қорық қоры жаңа жәді­герлермен толығып отыр.

Сондай-ақ Ресеймен бірлескен жоба қолға алынғалы отыр. Бірлескен зерттеу жұмыстары нәтижесінде Алтын Орданың тарихын зерделеу және Сарайшық қалашығынан Ресей Федерациясының Астрахан облысындағы Сарай-Бату туристік орталығына дейінгі жаңа туристік маршрут ашылады деп күтілуде.

«Сарайшық» музей-қорық директоры, тарих ғылым­дарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар «Сарайшық» сапар орталығының ашылуы – Алтын Орданың, Ноғай Ордасының және Қазақ хандығының тарихына қызығушылық деңгейін арттырады.

«Сарайшық өз дәуірінде Шығыс пен Батысты байланыс­тыратын Ұлы Жібек жолында орналасқан XIII-XVI ғасыр­лардағы ең танымал қалалардың бірі болған. Өркениет ор­дасы ретінде із қалдырған Сарайшықта кезінде білім, ғылым, қолөнер мен сауда жоғары деңгейде дамыған. Ұлыс ыдыра­ғаннан кейін Сарайшық Ноғай (Маңғыт) ордасының, кейін Қазақ хандығының астанасы болды. Сарайшықта Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Қасым хан алтын тағына отыр­ды», – дейді «Сарайшық» музей-қорық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар.

Тағы бір жаңалық – Сарайшық сапар орталығында он бөлмелі қонақүй, сондай-ақ асхана ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ музей-қорық қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарды алаңсыз жүргізуі үшін жеке кабинеттер мен зертхана ашылады. Осылайша, сапар орталығы сәуір айынан бастап алғашқы туристерді қабылдайды деп күтілуде.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

PEPSI жаңа логотиппен шығады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан Қашаған операторынан 5,1 млрд доллар талап етті – БАҚ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.