Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Елжана Таниева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Көркем гимнастикадан Әлем кубогінің финалында біздің спортшымыз Елжана Таниева екінші орынды жеңіп алды. Жарыс Софияда (Болгария) өтті.

Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Елжана Таниева лентамен, доппен және шоқпармен жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финал қорытындысы бойынша 30,900 ұпай жинап, 2-орынға ие болды.

Үздік үштікке Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова мен бразилиялық Барбара Домингос кірді.

Бұған дейін Елжана Таниева Марбеллада (Испания) өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер атанған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада конькимен жүгіру спортынан VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр

admin_altyalash

Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді

admin_altyalash

Ғалия Тыңбаева – Qazaqstan Barysy Grand Slam жеңімпазы! (ВИДЕО)

admin_altyalash