Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2:1 ұпайымен жеңіске жетті

Теннистен еліміздің қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Billie Jean King Juniors Finals турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Қыздар құрамасы алғашқы ойында Аргентина теннисшілерін жеңді.

Матчта бірінші болып кортқа Полина Слепцова шықты. Қазір Полина ITF Juniors рейтингінде 224-ші болып келеді. Ол ITF тізімінде 117-орында тұрған Соль Айлинді 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңді.

Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті.

Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарынан жеңілді. Бұл матчта есеп 5:7, 6:4, 10:12 болып аяқталды.

Жалпы есепте Қазақстан жасөспірімдері 2:1 ұпайымен жеңіске жетті.

Командалық әлем чемпионатының В тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді. Ұлыбритания командасы бірінші матчта Бразилия өкіллерін 3:0 есебімен жеңді.

Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен Бразилия теннисшілері кортқа шығады.

Құраманың бас жаттықтырушысы – Марат Шәріпов.

Дастан Жұмабекұлы

Ұқсас жаңалықтар

Бұл – аймақтық емес, ұлттық жоба, бүкіл елдің өркендеуінің катализаторы

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin_altyalash