Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

АШМ киіктердің етін қайда сататынын білмейді

Фото: orda.kz

Елімізде олардың етін сататын 7 комбинат анықталған

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда атылған киіктердің еті нақты қайда сатылатынын айта алмады, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

Киіктерге (ату ережесіне, – автор) қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді. Жақында ет комбинаты (киіктердің етін) сатады деген шешім қабылданды. Бұл жұмысқа «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны да жауап береді. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз, – деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Алайда министр киіктердің еті нақты қайда сатылатынын айта алмады.

«Біз 7 ет комбинатын айқындадық. Онда ветеринарлар бар. Олар (өнімнің) сапасы мен ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді. Киіктердің етін қайда сатамыз? Біз мониторинг жүргіземіз, қосымша ақпарат береміз», – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ербола

Ұқсас жаңалықтар

Астанада 15 мектеп ашылды

admin_altyalash

Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі өтті.

admin_altyalash

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда

admin_altyalash