Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Павлодар облысында 50-ден астам адамды сан соқтырған әйел ұсталды

Фото: polisia.kz
Ол тергеу изоляторына қамалды

50-ден астам азаматты алдаған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері көрші мемлекеттегі әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстады.

2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қазанға дейінгі уақыт аралығында 47 жастағы павлодарлық әйелдің бизнесті дамыту және қарттар үшін ақылы пансионат ашу сылтауымен 400 млн теңгедей қаражатты иеленгені анықталды. Қазір қашқын Краснодар қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Сот іздеуде жүрген адамға қатысты 40 тәулік мерзімге экстрадициялық қамауға алуға санкция берді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Айта кетсек, криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Ұзақ уақыт бойы ақпарат жинау және нұсқаларды қайта қарау, сайып келгенде, қылмысты ашумен аяқталады. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 155 қылмыскерді іздеп тапты.

Ұқсас жаңалықтар

Харбин-2025 ең көп мемлекет пен спортшы қатысатын қысқы Азиада болмақ

admin_altyalash

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула абаттандырылды

admin_altyalash

Олжас Бектенов өткізу пункттерін жаңғырту барысы туралы жиын өткізді

admin_altyalash