Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Финляндия НАТО-ға мүше болды

Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто елдің Солтүстік атлантикалық келісімге қосылатыны туралы құжатқа қол қойды.

4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды. Финляндия президенті Саули Ниинистё Twitter-де Литва президенті Гитанас Науседаның құттықтауын жариялады.

Құжатқа қол қойғаннан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ортақ мәлімдеме жасады.

Столтенберг Финляндияның НАТО-ға қосылған күні ерекше екенін атап өтті.

Айта кетейік, НАТО 1949 жылдың 4 сәуірінде құрылған. Ұйымға 31 ел ресми мүше.

Бұған дейін хабарланғандай, Финляндия президенті НАТО-ға кіру туралы заңға қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Венгрияда мұғалімдер шеруге шықты

admin_altyalash

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды

admin_altyalash

Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты

admin_altyalash