Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарСаясат

Президент Күнсұлу Закарияны жаңа қызметке тағайындады

Ғалым Күнсұлу Закария жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды”, – деп жазылған ресми хабарламада.

Күнсұлу Закария – әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі.

СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинаны әзірлеуге атсалысқан.

«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы.

200-ден астам ғылыми жарияланым, 8 ғылыми-әдістемелік құрал, 5 монография, 29 өнертабысқа берілетін патент, оның ішінде, 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.

ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры қызметін атқарды.

2022 жылы «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Бізді ортақ тарихи тамырластық, бай рухани-мәдени мұра біріктіреді

admin_altyalash

Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

admin_altyalash

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

admin_altyalash