Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новости

Қызылордада күрделі ота жасаудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды

Көпбейінді облыстық ауруханасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 12-13-14-ші сәуір аралығында білікті дәрігерлердің қатысуымен шеберлік сағаты өткізілді.

Шеберлік сағатында Астана қаласынан арнайы шақырылған Н.Д.Батпенов атындағы ғылыми орталығының, артроскопия және спорттық жарақат бөлім меңгерушісі, жоғары санатты травматолог ортопед Балбосынов Бағдат Ерсаинұлы екі тізе буына күрделі ота жасады.

Артроскопия — бұл аз инвазивті хирургиялық процедура, яғни ол бейне бақылауда (артроскоп) шағын кесулермен және арнайы құралдармен орындалады, яғни аз тыртықтармен және операциядан кейінгі қарапайым процедуралармен буындардың ішкі бөлігін бақылауға және емдеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс алдымен тізе, содан кейін иық, тобық және шынтақ үшін жасалған.

Атроскопия — кең таралған әдіс. Көптеген ортопедиялық процедуралар артроскопиялық әдіспен орындалады. Ең жиі орындалатын артроскопиялар тізе, иық және тобық болып табылады.

Тізе артроскопиясы жыртылған менискаларды емдеу алдыңғы крест тәрізді байламдардың үзілуі мен шеміршек трансплантаты жағдайларында жасалады.

Зақымдалған буын шеміршектерін толтыру, кернелген байламдарды созу, буында айналатын бос бөліктерді алып тастау (сүйек сынықтары және т.б.) тізедегі синовиальды тінмен байланысты ауруларды анықтау және емдеуде артроскопиялық әдіспен өте жақсы нәтижелер алынады.

Ұқсас жаңалықтар

В Мангистау открыли вторую в стране уникальную станцию скорой помощи

admin_altyalash

В Павлодарской области нотариусы окажут содействие в борьбе с преступностью.

admin_altyalash

Бейбит Исабаев провел встречу со спикерами Гражданского форума

admin_altyalash