Қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз-жігіт» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Лидия Ашрапова 87 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық арнасы.
Актриса одан бөлек, отандық киноөнердің ең танымал туындылары, атап айтқанда: «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Гауһартас»,«Қан мен тер» фильмдерінде ойнады.