Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Тоқаев Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын бірқатар шараларға қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда мәліметіне сәйкес 5 мамырда президент  Бүкілармиялық кеңес өткізеді. Ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрлігі 9 мамырда әскери парадтың өткізілмейтінін хабарлаған еді. Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

“Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерліктерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету бойынша шаралар өткізіледі”, –делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

admin_altyalash

Парижде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды – президент Маржықпаевты қабылдады

admin_altyalash

Азаттықпен бірге ұлттың рухы көтерілді – Президент

admin_altyalash