Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Тоқаев Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын бірқатар шараларға қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда мәліметіне сәйкес 5 мамырда президент  Бүкілармиялық кеңес өткізеді. Ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрлігі 9 мамырда әскери парадтың өткізілмейтінін хабарлаған еді. Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

«Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерліктерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету бойынша шаралар өткізіледі”, –делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанский паспорт обогнал всех соседей по региону в рейтинге Henley 2026

admin_altyalash

Павел Казанцев: «Конституционная реформа отвечает запросу времени…»

admin_altyalash

«Память Победы: Единство поколений и народов»: Международная конференция прошла в Алматы

admin_altyalash