2 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Астана мен Алматыда ауа ластанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.