Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Алматыда Абай даңғылын ұзарту үшін 63 жер учаскесі сатып алынады

Абай даңғылын ұзарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында қала басшысы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Наурызбай ауданы тұрғындарының бірі қала әкімінен Абай даңғылын ұзарту үшін қалған саяжайлар қашан сүрілетінін сұрады.

Ерболат Досаев 63 жер телімін сатып алу қажеттігін, оның 53-і қазірдің өзінде мемлекет меншігінде екенін тұрғындарға жеткізді.

Қалған 10 жер телімінің екеуі мұрагерлік құқыққа байланысты түзетіліп жатса, төрт жоба сотқа өткен.

Оның айтуынша, аталған мәселелер мамыр айының соңына дейін шешілуі тиіс.

«Бағалау ескірген, біз оны жаңартуға мәжбүрміз. Өйткені төлем жасау кезінде жаңадан бағалау керек. Сатып алу жөнінде сұрақтар жиналып қалды. Жер қатынастары басқармасына мұны мамыр айының соңына дейін реттеуді тапсырдым. Біз бұл жұмысты былтыр жасауымыз керек еді, ақша болды. Келісімшарт жасасып, сатып алғаннан кейін жұмысқа кірісеміз»,  деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Ұқсас жаңалықтар

Общенациональная Коалиция призвала жителей Жамбылской области прийти на референдум

admin_altyalash

Артур Ластаев предложил закрепить в Конституции абсолютный приоритет права на жизнь

admin_altyalash

Лесные экосистемы: поручение акиматам по инициативе «Атамекен»

admin_altyalash