Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға ниетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға ниетті

11.05.2023
0
Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға ниетті

Қазақстанның ҚХР-ға астық экспортын жылына 1 млн тоннаға дейін жеткізу ниеті бар. Бұл туралы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Бейжіңде Қытайдың жетекші COFCO және CITIC Group агрокомпанияларымен кездесуінде  мәлімдеді. Ербол Қарашөкеев АӨК саласындағы өсу мен ынтымақтастықтың ауқымды перспективалары және екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасында тікелей байланыс орнату жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Қытайдың COFCO және CITIC Group компаниялары басшылығына Қазақстанда астықтың едәуір қоры бар және экспорт үшін астықтың қажетті көлемі мен сапасын қамтамасыз ете алатын отандық компаниялар арқылы астық жеткізуді жүзеге асыру ұсынылды. Бұдан бөлек, логистикада проблемалық мәселелер туындаса АШМ оларды жедел шешуге көмектесуге дайын.  Айта кетейік, Алашанькоу және Қорғас шекаралас қалаларында тәулігіне 10 мың тоннаға дейін астық жүктерін қабылдай алатын терминалдар бар.

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев ҚХР-дың ет қауымдастығының өкілдерімен кездесуінде  қазақстандық кәсіпорындар мұздатылған сиыр, қой және шошқа етінің экспортын тезірек қалпына келтірілуін күтетінін атап өтті. Сонымен қатар отандық зауыттар салқындатылған ет және балық өнімдері, құс еті, жұмыртқа және басқа да тауар түрлерін жеткізуге дайын.

АШМ басшысы ҚХР-ға экспортты кіргізу үшін отандық ет комбинаттарын аккредиттеу мүмкіндігін талқылады. Қазіргі уақытта тек 4 кәсіпорынның тиісті рұқсаты бар, тізімді тағы 13 компания толықтыра алады.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда 1,06 млн тонна ет өндірілген.  Экспорттың негізгі үлесі Өзбекстанға, БАӘ мен Кувейтке тиесілі.

Сонымен қатар Түркістан облысында тәулігіне 1500 бас ірі қара мал сою қуаты бар заманауи ет өңдеу кәсіпорны мен қосалқы өнімдерді қайта өңдеу зауытын салу жоспарланған. Бұдан басқа өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын сату бойынша ірі алаң құру жоспарланып отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда Абай даңғылын ұзарту үшін 63 жер учаскесі сатып алынады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Орта бизнес Қазақстанның қозғаушы күшіне айналуы тиіс – Әлихан Смайылов

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.