Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

АҚШ-тан Астанаға есірткі жеткізбек болған тұрғын ұсталды

Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі тасымалдамақ болған.

Есірткі басқа зат түрінде АҚШ-тан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген. Бұл туралы  Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

ҚМА Астанадағы департаментінің қызметкерлері есірткі тасымалын жіті бақылап, заңсыздықты әшкереледі. Есірткінің жалпы салмағы – 500 гр. Сараптама кептірілген марихуана екенін анықтады.

Сәлемдемені Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берді. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Оларды уақытша ұстау изоляторына қамады.

Ұқсас жаңалықтар

Добро пожаловать в мир гольфа с академией “Birdie” в Алматы!

admin_altyalash

Дети НИКОГДА не должны быть орудием мести, борьбы, войны

admin_altyalash

В Карагандинской области полиция провела рейд против сонных водителей

admin_altyalash