Біріккен Араб Әмірліктерінде төрт жасар бала әлемдегі ең жас жазушы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Балақай Гиннестің рекордтар кітабына да енді. Ол мың данадан аса басылыммен жарияланған әрі сатылған ертегі жазған.
Жас жазушының айтуынша, оған мейірімділік пен достық туралы кітап жазып шығаруға үлкен әпкесі шабыт берген.
Айта кетсек, кішкентай дарынның әпкесі де рекорд жаңартқан. Ол сегіз жасында екі тілде кітап шығарған әлемдегі ең жас жазушы атанған.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.