Биыл фермерлер сатып алатын техниканы субсидиялауға 81 млрд теңге бөлінеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Биыл фермерлер сатып алатын техниканы субсидиялауға 81 млрд теңге бөлінеді

17.05.2023
0
Биыл фермерлер сатып алатын техниканы субсидиялауға 81 млрд теңге бөлінеді

Биыл фермерлер сатып алатын техникаларды субсидиялауға 81 млрд теңге бөлінеді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қаржы институттары мен банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасының кредиті мен лизингі бойынша мөлшерлемелер фермерлер үшін өте жоғары және жылдық 24 пайызға дейін жетеді. Өз кезегінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кредиттік және лизингтік компанияларының қаржы өнімдерінің мөлшерлемесі нарықта қаражат тарту мөлшерлемесінің жоғары болуына байланысты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кредит пен лизинг бойынша сыйақының түпкілікті мөлшерлемелерін төмендету мақсатында Үкімет ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламасын іске асырып жатыр. Субсидия есебінен фермерлер үшін мөлшерлеме жылдық 6 пайызға дейін төмендетіледі. Осы бағдарлама бойынша биылға облыс бюджеттерінде 81 млрд теңге көзделіп отыр», – деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, кредитке және лизингке техниканы сатып алу кезінде кредиттік жүктемені төмендету мақсатында инвестициялық субсидиялау бағдарламасы іске асып жатыр.

Бағдарлама жұмсалған шығынды 25 пайызға дейін өтеуді көздейді. Субсидия қарыз бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталуы мүмкін.

«Бұл ретте инвестициялық субсидиялау шарттарында субсидияны қарыз бойынша бастапқы жарна сияқты қабылдайтын лизингтік компанияның шотына субсидияларды аванспен аудару мүмкіндігі көзделген. Осылайша фермерлерде лизинг бойынша бастапқы жарнаға төленетін қаражаттың болмауы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы Үкімет ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бойынша бірқатар бағдарламаларды іске асыруда. 2 Өткен жылдың тамыз айынан бастап «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен 40 млрд теңгеге (бастапқы жарнасыз, жылдық 6%) отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама 872 шаруаға егін жинау жұмысын бастауға 1072 техника, оның ішінде: 190 комбайн және 882 трактор сатып алуға мүмкіндік берді», – деді Әлихан Смайылов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ер адам Жигули Дайрабаевтың ұлдары оны құлдықта ұстағанын мәлімдеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін 70-тен аса арнайы зерттеу жүргіздік – Әлихан Бәйменов

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.