Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша?

1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 297 мың зейнеткер тұрады.

«Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, оның 337,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 761,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.

Ұқсас жаңалықтар

Армения и Азербайджан договорились о взаимном признании территориальной целостности

admin_altyalash

Министр обороны открыл филиал Военно-исторического музея в селе Родина

admin_altyalash

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

admin_altyalash