Үкіметте сумен ең аз қамтылған облыстар аталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Үкіметте сумен ең аз қамтылған облыстар аталды

22.05.2023
0
Үкіметте сумен ең аз қамтылған облыстар аталды

20 мамыр күні Премьер-министр Әлихан Смайылов Үйлестіру штабының отырысын өткізді, онда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда ауыз суға қолжетімділік қалаларда – 98,4%-ды, ауылдарда – 94,5%-ды құрап отыр.

Ең аз қамту Абай, Ақмола және Жамбыл облыстарының қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында тіркелген.

Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді.

Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауылдың халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қажет.

Премьер-министр мамыр айының басында Үкімет отырысында ауыз су жобалары бойынша «аяқталмаған құрылыстар» туралы айтылғанын еске салды. Оларды аяқтаймыз дегенше, қолданыстағы инфрақұрылымдар жарамсыз болып қалуда.

«Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қалатынына шағым айтуда. Ақмола облысының Егіндікөл ауданында әбден тозығы жеткен Нұра су өткізгіші жалғыз өзі 12 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы судың шығыны 70-80%-ға жетеді. Бұл ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жарылуынан айлар бойы сусыз қалады», деді Әлихан Смайылов.

Бұлар биыл халықтан ресми түрде келіп түскен 9 мың шағымның бірнеше мысалы ғана.

Ол мұндай кемшіліктер тек бүгін айтылған өңірлерге ғана емес, көптеген әкімдіктерге тән екенін айтты.

«Cу мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әрбір өңір, әсіресе ең төмен көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек. Индустрия министрлігі бақылауды барынша күшейтуі тиіс», деді Ә.Смайылов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан – Қытай: Стратегиялық әріптестік бағдары

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.