Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Головкин бас тартқан титул кімге бұйырады?

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін неміс Винченцо Гуальтьеримен (20-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құдайға шүкір, жекпе-жек жақындап келеді! Тарихқа қосылыңыздар»,  деп жазды Фалькао Instagram-дағы парақшасында.

Боксшы жариялаған ресми постерде Фалькао — Гуальтьери кездесуі 1 шілдеде Вупперталь (Германия) қаласында өтетіні жазылған.

Боксшылар таласатын орта салмақтағы IBF белдігі әзірге бос. Бұрын ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) тиесілі болатын, бірақ ол титулдан бас тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Министр Олимпиада қалашығындағы спортшылардың жағдайымен танысты (ВИДЕО)

admin_altyalash

ШҚО-дағы «Berel» волейбол клубы елдегі үздік үш команданың қатарында тұр

admin_altyalash

Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

admin_altyalash