Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

ШҚО-дағы «Berel» волейбол клубы елдегі үздік үш команданың қатарында тұр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатында өңір намысын қорғап жүрген «Berel» клубына қолдау көрсету мақсатында ойыншылардың жаттығуына барды.

«Волейбол спорты Шығыс Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Сіздер әркез жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлеріңізге қуаныш сыйлап жүрсіздер. Осы қарқыннан таймай, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге әзірміз. Келесі жылы Өскеменде волейбол орталығын салуды жоспарлап отырмыз», – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, «Berel» волейбол клубы 2023-2024 және 2024-2025 жылдары Ұлттық лиганың вице-чемпионы, былтыр Қазақстан кубогының қола жүлдегері атанған.

Команда құрамында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері өнер көрсетеді. Биылғы маусымда «Berel» волейболшылары Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде үштікке кіріп, өз мықтылығын дәлелдеп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – жыр-дастан» концерті өтті

admin_altyalash

Астанада әскерге шақырылғандар борышын өтуге салтанатты түрде аттанды

admin_altyalash

Эльбруста “Адай” күйі шертілді

admin_altyalash