Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Қызылорда облысы
Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынды.

Орталық 240 мегаватт электр қуатын және 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді.

Жобаның жалпы құны – 215 миллиард теңге. Жылу электр стансасы түркиялық Aksa Energy компаниясының инвестициясы есебінен бой көтерді.

Қазіргі кезде негізгі агрегаттар, атап айтқанда, әрқайсысының қуаты 176 мегаватт болатын екі газ турбинасы, қуаты 95 мегаватт бу турбинасы, өнімділігі сағатына 120 тоннаға жететін екі бу қазандығы, қуаттылығы сағатына 150 гигакалорияны құрайтын төрт су қыздыру қазандығы орнатылып, толық монтаждалған.


Ұқсас жаңалықтар

Жатыр мойны обырының толық алдын алуға болатынын түсіну маңызды

admin_altyalash

ПӘКІСТАНДА АХМЕТ ЯСАУИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_altyalash

Қазақстан боксшылары жеті жолдама үшін күш сынасады

admin_altyalash