Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов «СПОРТ МИНИСТРI» youtube арнасына берген сұхбатында Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін ұлттық құрама сапынан кетуге қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Боксшы әлде де қазақ боксына еңбек сіңіріп, қазақтың көк туын көкке көтергісі келетінін айтты.
«Кейбіреулер айтады «Жастарға жол бермейсің бе?» деген сияқты. Жасым жиырма бесте ғана. 33 жаста, 35 жаста әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы боп жатқандар бар. Неге біздер ондай болмасқа? Боксқа тойған жоқпын әлі», – деді Сәкен Бибосынов.
Айта кетейік, 51 келіде өнер көрсеткен боксшы Ташкентте өткен әлем біріншілігіндегі бірінші кездесуінде үндістандық Дипак Кумардан жеңілген еді.