Қарсыласымыз – азулы Аустралия – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Қарсыласымыз – азулы Аустралия

29.05.2023
0
Қарсыласымыз – азулы Аустралия

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда Билли Джин Кинг кубогінің финалдық тур­нирі­нің жеребесі тартылды. Еліміздің теннисшілері В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Аустралия мен Словения құрамалары.

Аустралия – өте азулы команда. Бұл турнирде олар жеті рет бас жүлдені (1964, 1965, 1968, 1970, 1971, 1973, 1974 жылдары) олжалап, 12 рет финалда (1963, 1969, 1975-80, 1984, 1993, 2019, 2022) ойнады. Осы көрсеткіш жағынан аустралиялық арулар тек АҚШ (11 рет) пен Чехиядан (8 рет) ғана қалып келеді. Жасыл құрлық өкілдерінің ең үздік ойыншысы – Айла Томлянович. Әлемдік рейтингте 46-орында тұрған 30 жастағы Хорватияның тумасы 2014 жылдан бері аталған елдің туы астында өнер көрсетеді. Соң­ғы үш жыл аралығында ол екі рет Уимблдонның және бір рет АҚШ ашық біріншілігінің ширек финалына шықты. Бір айта кетерлігі, олардың ең шебер төрт теннисшісінің барлығы өзге елдерде дүниеге келген. Томляновичтен бөлек, Кимберли Бирелл (әлемнің №111 ракеткасы) Германияда, Дарья Сэвил (№137) Ресейде және Джеймс Фурлис (№150) Грекия­да туған. Ал өз өрендері арасынан Присцилла Хон (№152) мен Оливия Гадекиді (№153) атап өтуге болады.

Словения құрамасының ондай табысымен мақтана алмайтыны анық. Десек те бұл коман­да­да да жақсы ойыншылар бар. Солардың арасынан Тамара Зидан­шектің қарқы­ны жаман емес. 25 жастағы бұрым­ды әлемдік рейтингте 110-орынды еншілеп отыр. Словенияның өзге өкілдері әзірге ТОП-200 теннисші­нің қатарында жоқ.

Әрине, оларға қарағанда Қазақ­стан теннисшілерінің жағдай­ла­ры әлдеқайда жақсы. Күні кеше ғана Римдегі турнирде бас жүлдені олжа­лаған Елена Рыбакина WTA рей­тингінде төртінші орынға кө­терілді. Юлия Путинцева 61-сатыға жайғасты. Жұптық сайыстарда Анна Данилина табысты өнер көр­се­тіп жүр. Олардан бөлек, бір топ жас­ буынның өкілдері жалындап өсіп келеді. Дәл осы құраммен жер­лестеріміз топтық турнирде сүрін­беуге тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Билли Джин Кинг кубогінің финал­дық бәсекелері үстіміздегі жылдың 7-12 қараша күндері Испанияның Се­вилья қаласында өтеді. Жоғарыда аталған командалардан бөлек, бұл жарыста Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Германия және Польша құрамалары шебер­лік байқасады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Саланың «сай-сүйегі сырқырап тұр»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Келвинмен күш сынасуға дайын

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.