Бірегей құжаттар жинағы таныстырылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Бірегей құжаттар жинағы таныстырылды

29.05.2023
0
Бірегей құжаттар жинағы таныстырылды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысына келіп, өңірдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Сондай-ақ cаяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған «Ашаршылық. Голод. 1928-1934» бірегей құжаттар жинағының жаңа томдарын көпшілікке таныстыру рәсіміне қатысты.

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор Долинка ауылында ор­наласқан «ҚарЛаг» му­зейіне барып, саяси қуғын-сүр­гін құрбандарының рухына тағ­зым етті. Қасіретті кезеңнің ізі қалған осы тарихи орында «Ашаршылық. Голод. 1928-1934» бірегей құжаттар жи­нағының жаңа 6-7-томдары жұртшылыққа таныстырылды. Іс-шараға тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған. Сенаттың қолдауымен іске асы­рылған жинақтың 2021 жылы бес томы жарық көрді.

Аталған құжаттар хрони­касының авторлары – белгілі отандық ғалымдар мен тарихшылар. Еңбекке енген құжаттардың басым бөлігі бұрын-соңды елімізде жарияланбаған. Тіпті кітапқа басылған сол кездегі анықтама, бұйрық, қарарлардың бір бөлігі бүгінге дейін құпия сақталып келген.

Мәулен Әшімбаев өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ халқына аса ауыр бол­ғанын, тіпті ұлт ретінде сақталып қалуға үлкен қауіп төнгенін айтты. Сол тұстағы алапат ашар­шылық пен аяусыз қуғын-сүр­гінді зерделеп, оның ақиқатын тануға тек Тәуелсіздік алғаннан кейін қол жеткенін де тілге тиек етті. Бүгінге дейін ғалымдар бұл тақырыптар бойынша көп­теген зерттеу жүргізіп, архив материалдарымен жұмыс істеді. Алайда көп құжаттың құ­пия белгісімен сақталуы, олардың жеткіліксіздігі тарих­шылардың жұмысына кері әсерін тигізіп келді.

«Президенттің бастамасымен соңғы жылдары ашаршылық тақырыбын зерттеу жұмыстары жандана түсті. Сондай-ақ Мем­лекет басшысы саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын толық ақтау туралы да бастама көтерді. Соның аясында мемлекеттік комиссия құрылып, бүгінде тиіс­ті жұ­мыс жүргізіліп жатыр. Нә­тижесінде, бұрын құпия болып келген көптеген архив материалы ашылып, қуғын-сүргінге қатысты құжаттар не­гізінде көп томдық жинақ жа­рық көрді. Дегенмен әлі де болса ашылмаған ақиқаттар мен жа­­зылмаған жайттар бар», деді Мәулен Әшімбаев.

Палата төрағасы аталған та­қырыптарды ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделеу мәселесін күн тәртібінен түсірмеу керектігін де атап өтті. Ол Сенат бұл бағытта жүйе­лі жұмыс жүргізіп келе жат­қанын, қолға алынған іс алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

«Соңғы екі жылдың ішінде Сенаттың бастамасымен ашар­шылық тақырыбына арналған бес томдық құжаттар жинағы әзір­ленді. Соның аясында бұ­рын еш жерде жарияланбаған бі­ре­гей құжаттар жиналды. Жұ­­­мыс мұнымен тоқтамай, жал­­­ғасын тауып, нәтижесінде бүгін аталған жинаққа жаңа екі том қосылып отыр. Бұл же­ті томдық жинақ – Сенаттың ашар­шылық тақырыбын зерттеуге қосқан нақты үлесі. Бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастырудың маңызы зор. Сол себепті Сенаттың бастамасын тиісті мемлекеттік органдар мен ғылыми институттар қолдап, зерттеулер жалғаса береді деп сенеміз», – деп Мәу­лен Әшімбаев жинақтың жаңа томдарының жарық көруіне ат­салысқан ғалымдар мен редакция алқасына алғысын білдірді.

Сонымен қатар облысқа сапары барысында Сенат төр­ағасы жергілікті мәслихат депу­тат­тарымен кездесіп, Мем­лекет алдында тұрған міндет­терді іске асыру жо­лын­дағы бір­лескен жұмыстың не­гізгі басым­дықтарын тал­қылады.

Осы орайда Палата cпикері өзара іс-қимылды жаңа форматта жүргізудің маңызды еке­нін айтып, бұл қадам қолға алған бастамаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарын заң шығару үдерісіне белсенді қатысуға шақырды, өңірдегі өзекті проблемаларды шешудің жаңа жолдарын ұсынды.

«Қарағанды еліміздің индус­триялық орталығы екені белгілі. Өндірісі қарқынды дамыған бұл облыстың мемлекеттің экономикасында алатын орны ерекше. Президентіміз әр­дайым экономикамызды әр­та­раптандыруға баса мән беріп келеді. Қайта өңдеу өнер­кәсібін дамыту – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мін­­деттердің бірі. Бұл ретте қазба байлыққа ғана арқа сүйеп отырмай, шикізаттық емес саланы жан-жақты дамыту аса маңызды. Сондай-ақ өңір­лердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытында да бір­лесіп жұмыс істеуде өте өзекті. Бүгінгі кез­десуіміздің нә­ти­жесінде осы ба­ғыттар бойын­ша аталған мін­деттерді іске асырудың құқықтық негізін қа­­лыптастыруға ықпал ететін ұсыныстар әзірленеді деп се­неміз», – деген Мәулен Әшім­баев Парламент Сена­ты алдағы уақытта да мәсли­хаттармен байланысты одан әрі жандандыра беретінін айтты.

Одан бөлек, сенаторлар Е.Бө­кетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессор-оқытушы құра­мы­мен, студенттерімен кез­десті. С.Сәпиев атындағы бокс ор­та­лығына барып, ерекше қажеттілігі бар спортшылардың боччадан ашық жаттығуына қатысты. Мәулен Әшімбаев тағдырдың сынына тап болса да мойымай, спортпен шұғылданып жүрген жандардың ерік-жігері қолдауға лайық екенін айтып, алдағы уақытта да елімізде инклюзивті орта құру жұмысы жал­ғаса беретініне назар аударды.

Қызғалдақ АЙТЖАН

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Келвинмен күш сынасуға дайын

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қайрат пен Жұлдыз тағы жараспай жүр: әншінің жары желіге біртүрлі жазба қалдырды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.