Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Абай облысындағы өрт: Тоқаев министрліктерге қандай тапсырма берді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізіп, министрліктер, әкімдіктер мен басқа да құзырлы органдарға нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының отырысы барысында Қазақстанда орман және дала өртін ерте анықтап, алдын алу жұмыстары жолға қойылмағанына назар аударды.

Осы тұста Президент Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен өңірлердің әкімдеріне нақты тапсырма берді:

өрт ошақтарын ерте анықтаудың цифрлық жүйелерімен жабдықтау, өртті бейнебақылау және мониторинг жасау жүйелерін енгізу шараларын қабылдау;

мұндай жүйелерді енгізгенге дейін орман алқабын авиация арқылы және жерден бақылау, сондай-ақ өрт қаупі жоғары кезеңдерде «ұшқышсыз ұшатын аппараттарды» қолдану жиілігін арттыру;

табиғатты қорғау және орман мекемелерін өртке қарсы техникалармен жарақтандыру деңгейін талапқа сай нормаларға дейін жеткізу.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы

admin_altyalash

Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

admin_altyalash

Президент атынан Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етілді

admin_altyalash