Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Түркияда зымыран жасайтын зауыттағы жарылыстан 5 адам көз жұмды

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі MKE қорғаныс компаниясындағы жарылыстан қызметкерлер қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Анкара провинциясының Эльмадағы ауданында орналасқан зымыран техникасы мен жарылғыш зат шығаратын MKE («машина және химия өнеркәсібі») зауытында жарылыс болған. Оқыс оқиғадан бес қызметкер көз жұмды. Бұл туралы бүгін Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство 10 маусым күні таңертең болған қайғылы оқиғаға байланысты әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті. Жағдайды құқық қорғау органдары зерттеп жатыр.

Зауыт қызметкерлерінің жақындары кәсіпорынның алдына жиналып, қандай да бір хабар күтіп тұр.

Зардап шеккен біраз жұмысшы жедел жәрдем көлігімен төңіректегі ауруханаларға жеткізілген. Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Баскетболшы ойыннан кейін бүйрегінен айырылды

admin_altyalash

Түркияда курорт маңындағы орман өртенді

admin_altyalash

Түркияның оңтүстігінде 4,3 балдық жер сілкінісі болды

admin_altyalash