Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Еуро-2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің матчында Қазақстан құрамасы Белфастта Солтүстік Ирландиямен ойнады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде төртінші тур ойынын өткізді. Ойын алаңында футболшыларымыз табандылық танытып, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз голды алаңға 88-минутта шыққан Абат Айымбетов соқты. «Астана» шабуылшысы өз аймағында допты қабылдап, британиялық команда қорғаушыларын қапы қалдырды. Тура қақпаға қарай жылжып, допты Бэйли Пикок-Фаррел қорғайтын қақпаға дәл бағыттады.

Матч аяқталған соң команданың бас бапкері Магомед Адиев ойыншыларға ризашылығын білдірді.

Төрт турдың қорытындысы бойынша ұлттық құрамамыз тоғыз ұпай жинады. Ал Солтүстік Ирландияның үш ұпайы бар. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 7 қыркүйек күні өз алаңында тоғыз ұпай жинаған Финляндиямен өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңді

admin_altyalash

Геннадий Головкин ұлттық құраманы жеңісімен құттықтады

admin_altyalash

Марат Сражатов халықаралық аренада Қазақстанның намысын лайықты қорғады

admin_altyalash