Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

Марат Сражатов халықаралық аренада Қазақстанның намысын лайықты қорғады

Қытай Халық Республикасының Лучжоу қаласында GAMMA MMA (аралас жекпе-жек бойынша халықаралық қауымдастық) ұйымдастырған Азия чемпионаты өтті. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Марат Сражатов халықаралық аренада Қазақстанның намысын лайықты қорғады.

Қарағандылық өрт сөндіруші аралас жекпе-жекпен бес жылдан бері айналысып келеді. Азия біріншілігінде Марат Сражатов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Екі жекпе-жек өткізіп, қола жүлдегер атанды.

Бұл – құтқарушы-спортшының алғашқы жетістігі емес. Айта кетейік, өткен жылы Марат Сражатов ММА бойынша Қазақстан чемпионы атанған болатын. Өрт сөндірушінің айтуынша, жекпе-жек өнерімен шұғылдану тек жеңіс тұғырларын бағындыруға ғана емес, сонымен қатар қызметтік міндеттерін сапалы атқару үшін жақсы физикалық формада болуға көмектеседі. Жаттығулар төзімділікті, күшті, жылдам әрекет етуді және кез келген жағдайда сабыр сақтай білуді дамытады.

Ұқсас жаңалықтар

«Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде

admin_altyalash

Оқу жылына дайындық пысықталды

admin_altyalash

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 22 жаңа бағыт іске қосылды

admin_altyalash