Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғамРуханият

«Астана – есірткісіз қала»: елордада жастар арасында көкпар жарысы өтті

Астанада жастар арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға бағытталған көкпар жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көкпар жарысы қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы және «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының бірлескен профилактикалық бастамалары аясында ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысу үшін шамамен 400 шабандоз өтінім берген. Есірткіге қарсы акцияны қолдау мақсатында спорт клубының 200 қатысушысы алаңға «Астана – есірткісіз қала» деген жазуы бар жейделермен шығып, «Астана – есірткісіз қала» ұраны жазылған жалауларды көтерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізу ұлттық спорт түрлерін дамытуға, жастар арасында есірткі заттарын қолдануға деген теріс көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Жарыс спортшыларды, көкпар жанкүйерлерін және қала тұрғындарын бір алаңға жинап, салауатты өмір салты мен белсенді азаматтық ұстанымды насихаттайтын тағы бір маңызды алаңға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді

admin_altyalash

Депутат су астында қалған саяжай иелеріне өтемақы беруді ұсынды

admin_altyalash

Қазақстанның бірнеше облысында тұманға байланысты дауылдық ескерту жарияланды

admin_altyalash