Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Қазақстанда еріктілер қызметінің аясы кеңейіп келеді – Нұртөре Жүсіп

Астанада өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумының алғашқы сессиясында Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып, сәлемін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда 2020 жылы «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Нәтижесінде қайырымдылық саласында жаңа жобалар қолға алынып,  іске асырыла бастады. Бүгінгі форум да соның айқын нәтижесі.

Осы тұста Нұртөре Жүсіп пандемия кезінде әлемнің түкпір-түкпірінде мұқтаждарға көмек қолын соза білген еріктілердің ерекше жұмысына тәнті болғанын жасырмады.

«Еріктілер дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, мұқтаж отбасыларға көмектесті. Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрді деуге болады. Уақыт өткен сайын Қазақстанда еріктілер қызметінің аясы кеңейіп келеді. Былтыр елімізде өткен әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-съезінде де волонтерлер үлкен қызмет көрсеткенін білеміз. Сол ауқымды іс-шараға 500-ден астам ерікті қатысып, үлкен үлес қосты», деді сенатор.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Әзербайжанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірді

admin_altyalash

Президент шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

admin_altyalash

Тоқаевтың реформалары оған жоғары қоғамдық рейтингті қамтамасыз етті – еліміздің Президентіне респонденттердің 77,1 пайызы сенім артады

admin_altyalash