Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Танымал футбол жаттықтырушысы өмірден озды

Шотландия ұлттық футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Крэйг Браун 83 жасында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Браун 1993-2001 жылдар аралығында Шотландия құрамасының жаттықтырушысы болды. Ол ұлттық құрамамен бірге Еуро – 1996 және 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Командамен жұмыс барысында Браун 70 матч өткізді (бұл команда үшін ең жоғары көрсеткіш). 2010 жылы жаттықтырушы Шотландияның футболдан Даңқ залына қосылды.

Сонымен қатар Крэйг Браун «Мотеруэлл», «Клайд», «Абердин», Престон Норт Энд» және «Дерби Каунти» клубтарында жаттықтырушы болған.

Ұқсас жаңалықтар

Нефтяники месторождения Каражанбас приняли активное участие в референдуме

admin_altyalash

Добро пожаловать в мир гольфа с академией “Birdie” в Алматы!

admin_altyalash

Марат Султангазиев обсудил с коллективом индустриально-логистического центра «ДАМУ» вопросы верховенства закона и устойчивого развития

admin_altyalash