Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Жеңілмеген қазақ боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Сұлтан Зауырбектің (13-0, 9 KO) келесі қарсыласы анықталды деп хабарлады turkystan.kz.

21 шілде Шотландия астанасы Эдинбургте Сұлтан 28 жастағы испаниялық Джон Картермен (15-0-1, 7 КО) жұдырықтасады деп жазды Vesti.kz. Box.Rec рейтингінде қазақстандық боксшы – 78, ал қарсыласы 230-орында екенін айта кетейік.

«Дауыл» лақап атты испаниялық боксшы жекпе-жектерінің бәрін Отанында ғана өткізіпті. 18 наурыздағы айқасында ол төрешілер шешімімен венесуэлалық Дионис Мартинесті (9-44-5, 4 КО) жеңген.

Сұлтан Зауырбек қазір IBF рейтингінде 14-орында келеді. WBA нұсқасы бойынша 10-орында. Сондай-ақ WBO European титулына ие.

Сұлтан Болтондағы (Англия) бокс кешінде жұдырықтасып, аргентиналық Факундо Арсені нокаутқа түсірген.

Ұқсас жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды

admin_altyalash

Бүгін қазақстандық спортшылар бірнеше сайыста бақ сынайды

admin_altyalash

Аударыспақтан барлық спортшы финалға шықты

admin_altyalash