Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Политика

Талдықорған қаласының жаңа әкімі тағайындалды

фото: gov.kz

Талдықорған қаласының әкімі қызметіне Жетісу облысы әкімінің орынбасары Ернат Бәзіл тағайындалды. Бұл туралы қала активінің жиынында хабарланды.

Ернат Бәзіл 1978 жылы туған. Ол Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы және қаржы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Базис-А» корпорациясы» ЖШС-да учаске бригадирі болып бастап, кейін бригадир, учаске бастығы қызметтерін атқарды. Одан кейін құрылыс басқармасының жетекшісі, бас маманы, бөлім бастығы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болды.

Ернат Бәзіл Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Жетісу облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Әсет Масабаев қызметтен өз еркімен кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Алар Карис: «Казахстан и Эстонию объединяют глубокие культурные и гуманитарные связи»

admin_altyalash

Национальный курултай стал эффективной площадкой диалога общества и государства — Ерлан Карин

admin_altyalash

Президент Узбекистана передал Президенту Казахстана ряд исторических документов

admin_altyalash