Республика күнінде тағы 60 қаламгерге сыйақы береміз – Дәулеткерей Кәпұлы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Республика күнінде тағы 60 қаламгерге сыйақы береміз – Дәулеткерей Кәпұлы

10.07.2023
0
Республика күнінде тағы 60 қаламгерге сыйақы береміз – Дәулеткерей Кәпұлы
Фото: Дәулеткерей Кәпұлы

Жақында Астанада қала күні қарсаңында елорда әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының қолдауымен өткен «Астана – шабыт арқауы» атты мәдени іс-шарада астаналық 80 қаламгер, одан кейін 25 жас ақын-жазушы 500 мың теңге көлемінде сертификат алған болатын. Енді Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлының айтуынша, Республика күнінде тағы 60 адамға 500 мың теңгенің сертификаты тапсырылады. Сөйтіп, Астанадағы Жазушылар одағына мүше 165 адам ақшалай сыйақы алатын болады.

– Дәулеткерей Кәпұлы, астаналық қаламгерлерге ақшалай сертификат тапсырғандарыңыз жақсы іс болған екен. Бұл кімнің бастамасы, идеясы?

– Бұл идея менікі. Біз Алматыдағы қаламгерлерді 3 жыл қатарынан марапаттап келеміз. Осыны неге Астанада жасамасқа деп қала әкімдігіне хабарласып, айттым. Бұған дейін 2 жыл қатарынан бұрынғы қала әкіміне айтып келдім. Әкімдіктің табалдырығын тоздырып, қайта-қайта айтып жүрдім. Енді міне, Астанаға жаңа әкім келгеннен кейін мәселе шешілді. Қала әкімі 20 күннен кейін қабылдап, мәселені көп сөзге келмей шешіп берді.

– Дұрыс болған екен. Астана күні қарсаңында неше адам ақшалай сыйақы алды?

– Барлығы 105 адам алды. Оның ішінде аға буын өкілдерінен 80 адам алса, 25 жас қаламгерге сетификат тапсырылды. Қаламгерге мұндай құрмет Астана тарихында бұрын-соңды болмаған. Тұңғыш рет болды. Осы жерде мен 80 қаламгердің сертификат алуына үлес қосқан мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұловқа да алғыс айтамын.

Жалпы, Астана астана болғалы осы қалада тұрып келе жатқан қаламгерлердің, оның ішінде аға буынның, «Астана – арман қала» деп алып ұшып жеткен жас қаламгерлердің рухани орта қалыптастыруда, қаланың әдеби әлеуетін көтеруде еңбегі зор. Астана тек қана әкімшілік, саяси, қаржылық орталық емес, рухани орталыққа айналып келеді. Мысалы, Қаламгерлер аллеясы, Жазушылар үйі, Журналистер саябағы ашылды. Осының бәрі – әкімдіктің қолдауымен жасалған игі шара.

– Алдағы уақытта Жазушылар одағының мүшелеріне тағы сыйақы бересіздер ме?

– Иә, ондай жоспар бар. Енді Республика күнінде астаналық 60 қаламгерге 500 мың теңгенің сертификатын береміз деп отырмыз. Енді осы азаматтар тіл басқармасы арқылы сертификат алатын болады.

– 25 жас қаламгер қалай таңдап алынды?

– 25 үздік жас қаламгер конкурстық негізде анықталды. Олар Астана туралы шығарма жіберді. Конкурстарда үздік атанғандар таңдап алынды.

– Сыйақы әкімдіктің бюджетінен бөлінді ме?

– Иә, Астана қаласы әкімдігінің бюджетінен бөлінді. 7 шілдеде Жастар театрында елордалық «Үздік жас қаламгер» әдеби шарасын өткіздік. Астанада тұратын 25 жастың шабытына дем беріп, талабын шыңдадық. Қала әкіміне, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров бауырыма қаламгерлер атынан алғыс айтамын. Астана тарихында жас қаламгерлерге жасалған тұңғыш қамқорлық жылда жалғасын тапса деймін. Еліміздің байрақты байтағы жасай берсін!

– Рахмет! Іске сәт!

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 5,3 мыңнан аса адамға грант берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жеңілдетілген микронесие алуға 4,2 мыңнан аса өтінім түсті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.