Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

19 жылға созылған қазақ-өзбек шекарасы шегенделді

фото: Halyq Uni

Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы шегенделді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте екі мемлекеттің басшысы қол қойды. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық шегендеудің 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді, – деді ол СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қос мемлекеттің арасындағы шарт күшіне ену үшін 100 раундтан тұратын келіссөз жүргізілген.

«Ұзындығы 2 357 шақырым болатын шекара сызығы 1 301 шекаралық белгімен белгіленіп, көлемі 8 мың парақтан асатын шегендеу құжаттары көрсетілды. Осы оқиға мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал етеді», – деді Айбек Смадияров.

Ұқсас жаңалықтар

Елордада 8 желтоқсан күні XIV Қысқы қайырымдылық балы өтеді

admin_altyalash

Облыс халқының 98,1 пайызы таза ауыз су тұтынады

admin_altyalash

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНА ҚОЛДАУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

admin_altyalash