Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Түркістанда Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған бала қайтыс болды

фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған бір бала қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандардың сөзінше, кене шаққан баланың қайтыс болуына медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

Сондықтан дәрігерлер кене шаққан жағдайда бірден дәрігерге көріну керектігін ескертеді.

«Кенеге қарсы бүкіл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кене шаққан адам тез арада дәрігерге жүгінуі керек. Кенені қолмен алып, жұлып, мыжғылап тастауға болмайды. Арнайы қысқышпен ақырын тартып алу керек. Себебі, қан шашырап адамға ауру жұғуы мүмкін. Кене шаққан адам 14 күндік медициналық бақылауға алынады», – деді Бахтыораз Елемесов.

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері 985 адамды кене шаққан. Оның ішінде ең көбі Сауран ауданында тіркеліп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгінгі іс – шара оқушыларымызға өздерінің қажырлы еңбектерінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік берді

admin_altyalash

«Отандық» автоөнеркәсіп: әлемдік рейтингте Қа­зақстан соңынан санағанда «төртінші орын» алды

admin_altyalash

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

admin_altyalash