Елімізде 8,3 мыңнан аса үндістандық медициналық университеттерде білім алып жатыр, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үндістанның Sharda университетінің төрағасы Гупта Прадип Кумармен кездесті. Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының аспектілері талқыланды.
Ажар Ғиният қос мемлекет арасындағы фармация, диагностика, емдеу, білім және ғылым саласындағы астратегиялық әріптестікті дамыту маңызды екенін атап өтті.
Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарында «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша 8 370 үндістандық шартты негізде білім алып жатыр.
Елімізде тіркелген үнді препараттарының үлесі – 1043 атау, Үндістан өндірушілері шығарған медициналық бұйымдар – 236 атау.
Гупта Прадип Кумар Қазақстанмен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.