Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Осы аптадағы ауа райы болжамы жарияланды

фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы өтетін батыс циклонына байланысты, 14-15 шілдеде солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 15 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз.

13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында +45 градусқа дейін қатты ыстық болады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасының төмендеуі солтүстікте және орталықта +30 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың батысында +25-35 градус жылы, — делінген хабарламада.

Ал «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облысы бойынша филиалының хабарлауынша, 14 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 13 шілдеде күндіз +40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Прокурор настоял на увеличении штрафа «Казцинку» в 174 раза – до 44 млн тенге

admin_altyalash

Марат Султангазиев обсудил с коллективом индустриально-логистического центра «ДАМУ» вопросы верховенства закона и устойчивого развития

admin_altyalash

30-летие Ассамблеи является важной вехой в развитии политики единства и согласия

admin_altyalash