Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: centralasian.org

Мемлекет басшысы Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.

Айта кетсек, 1789 жылы париждіктер көтеріліске шығып, Бастилия түрме-қамалын басып алған болатын. Бұл оқиға Ұлы француз революциясының бастамасы болып есептеледі. Бұл «Бастилия» сөзінің өзін саяси бостандықтың белгісіне айналдырған оқиға болды.

Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 25 қаңтарда орнатылған.

Ұқсас жаңалықтар

«Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті

admin_altyalash

Құрылтайда қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалады.

admin_altyalash

Депутаттар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселесін талқылады

admin_altyalash