Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новости

Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды

фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды. Тәртіп сақшылары алты күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі. 

Zhest_kz Telegram арнасында жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Кадрларға қарағанда төбелескендер қолдарына таяқ алып, бөтелке лақтырған.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 шілде күні сағт 03.30-да Бейнеу ауылындағы Д. Тәжиев көшесінде болған.

Полиция қызметкерлері 24-25 жастардағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Бейнеу аудандық полициясының СТБТ тіркелді. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады полициядан.

Ұқсас жаңалықтар

Дроны следят за стройками, ЖКХ и природными ресурсами Акмолинской области

admin_altyalash

В Павлодарской области пострадавшим от паводка вручили ключи от новых домов

admin_altyalash

Масштабная уборка в рамках акции «Таза Қазақстан» прошла в городах и районах области Абай

admin_altyalash