Астана қаласында 14-17 шілде аралығында ересектер арасында белбеу күрестен әлем чемпионаты өтті. Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты.
Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Ол 5 елдің спортшыларымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін көрсетті.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.