ҚР ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ресми түрде терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары әрекет етуші тұлғалар ретінде көрсетілген.
Банктер бұл тізімге енгізілген тұлғалардың барлық қаржысын бұғаттап, олар нотариалдық, сақтандыру қызметтерінен айырылады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.