Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы 2 есе көтерілді

Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады. ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

«Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды», – делінген хабарламада.

Жалпы, осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Необычную акцию в поддержку Конституционных реформ провели во время матча столичного хоккейного клуба «Барыс»

admin_altyalash

«Это мощная мотивация работать дальше»: молодые ученые о поддержке Главы государства

admin_altyalash

Имеет стратегическую важность – Жанарбек Ашимжан о предоставлении конституционного статуса Народному Совету

admin_altyalash