Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Бес адам көз жұмды: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

фото: Halyq Uni

«Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам мерт болды, — деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. 

26 шілде күні сағат 11:00-де «Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты,- делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Сарапшы: «Көгілдір отынның қымбаттауы ұзаққа созылмайды»

admin_altyalash

Мажилис рассмотрит отчеты об исполнении республиканского бюджета за 2023 год

admin_altyalash

Астана становится зеленее: врачи, учителя и коммунальные службы высаживают деревья в рамках акции «Таза Қазақстан»

admin_altyalash