Дизайн-код: Астана заңсыз жарнамалардан тазартылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Дизайн-код: Астана заңсыз жарнамалардан тазартылады

02.08.2023
0
Дизайн-код: Астана заңсыз жарнамалардан тазартылады

Астанада қала келбетін дизаин-код бойынша ретке келтіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бір апта ішінде қала бойынша 800-ге жуық заңсыз ілінген маңдайша мен жарнама банері алынып тасталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Маңдайшалар мен жарнама банерлерінің алынып тастауының бірден бір себебі – олардың бәрі 2019 жылы бекітілген Астана дизайн кодына сәйкес келмейді.

Нұра ауданының әкімдігі «Астана-Жарнама» КММ-мен бірлесіп 9 тұрғын үй кешенінде («Құлагер» ТК, «Жағалау-3» ТК, «Құлагер-2» ТК, «Көркем Tower» ТК) орналасқан ШОБ субъектілерінің тілдер туралы заңның сақталуы және заңсыз жарнаманың (дизайн-кодқа сәйкес келмейтін) жойылуын тексеріп шықты. Нәтижесінде 26-28 шілде күндері 91 жарнама мен 30 маңдайша демонтаждалды.

Сол сияқты заңсыз жарнамалар мен маңдайшаларды алып тастау туралы 36 хабарлама беріліп, 3 тұрғын үй кешенінде орналасқан («Aru Qala» ТК, «Манхэттен» ТК, «Манхэттен» ТК) маңдайшаларды дизайн кодқа сәйкестендіру бойынша іс-қимыл алгоритмі табысталды.

Ал Сарыарқа ауданында заңсыз ілінген 382 жарнама мен маңдайша алынып тасталды.

Байқоңыр ауданында жыл басынан бері аппарат қызметкерлері түсіндіру және заңсыз жарнамаларды бөлшектеу бойынша 40-тан астам көшпелі іс-шара өткізді. Қорытындысы бойынша бүгінгі күні 300-ге жуық заңсыз жарнама объектісі бөлшектелді.

Қалған аудандарда да осы бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Осылайша, бір апта ішінде әкімдік қызметкерлерінің жұмысының нәтижесінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін 800-ге жуық заңсыз ілінген баннерлер мен маңдайшалар алынып тасталды.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айында қала мәслихатымен дизайн-код бекітілген. Алайда аяқастынан пандемия басталып жұмыс кейінге шегерілген. Ал 2023 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қ.Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейту туралы тапсырма берген болатын.

Осы бағыттағы жауапты міндет «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелді. Қазіргі уақытта ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбетіне маңдайшаларды орналастыру тұжырымдамасы әзірленді. Онда бизнес өкілдеріне елорданың сәулеттік сәнін бір стильге келтірудің үлгісі көрсетілген. Урбанистика орталығы мен әкімдік қызметкерлері әр ауданның кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырып, тұжырымдаманы талқылады.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мәсімовтер жалпы режимдегі колонияға ауыстырылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қостанай облысында екі астық қоймасына жай түсті: зардап шеккендер жоқ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.